Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Dictionary
Select a letter
A B C D E F G H I
1
H [eɪtʃ]

(also h) A.n (pl Hs, H's, h's [ˈeɪtʃɪz]) ағылшын әліпбиінің сегізінші әрпі •‘Hat’ begins with (an) H/‘H’. - ‘Hat’ сөзі H/‘H’-пен/-тен басталады. B.abbr Henry

2
ha 1 [hɑː]

interjection 1. (also hah) һа, о (таңғалысты не сүйсінуді білд одағай) •Ha! I told you it wouldn't work. – Е!/Һім! Түк шықпайды деп айттым ғой. •Ha! I knew he was hiding something. – Бәсе! Оның бірдеңе жасырып жүргенін білгенмін. 2. (also ha! ha!) ха-ха (күлікіні білд) 3. (also ha! ha!) (informal, ironic) жә-жә •Ha! Ha! Very funny! Now give me back my shoes. – Жә енді! Қызық екен! Аяқ киімімді қайтып бер енді.

3
ha 2 abbr

hectare

4
haar [hɑː(r)] n

дымқыл теңіз тұманы

5
habeas corpus [ˌheɪbiəs ˈkɔːpəs] n

(from Latin, law) һабеас корпус (күдікті адамды шектеулі мерзімге ғана қамауға болады, тек соттың шешімімен ғана қамақ мерзімін ұзартуға болады дейтін заң) •to apply for a writ of habeas corpus – қамауға қатысты сот шешімін өтіну

6
haberdasher [ˈhæbədæʃə(r)] n

1. (old-fashioned, BrE) ине-жіп сатушы, галантереяшы 2. haberdasher's (pl haberdashers) галантерея, майда-шүйде дүкені 3. (NAmE) ерлер киімін тігіп, сататын дүкенді басқаратын не сонда істейтін адам

7
haberdashery [ˌhæbəˈdæʃəri] n

(pl haberdasheries) 1. (old-fashioned, BrE) ине-жіп, майда-шүйде 2. (old-fashioned, NAmE) ерлер киімі 3. галантерея, майда-шүйде дүкені

8
habit [ˈhæbɪt] n

1.әдет, дағды, машық, үйреншікті нәрсе •You need to change your eating habits. – Тамақ жеу әдетіңді өзгертуге тиіссің. •good/bad habits – жақсы/жаман әдеттер •He has the irritating habit of biting his nails. – Тырнақтарын тістелеп жүйкеге тиетін әдеті бар. •It's all right to borrow money occasionally, but don't let it become a habit. – Анда-санда қарыз алса болады, алайда әдетке айналмасын. •I'd prefer you not to make a habit of it. – Бұны әдетке айналдырмағаныңды/Бүйтіп үйренбегеніңді қалар едім. •I'm not in the habit of letting strangers into my apartment. – Бөтендерді пәтеріме кіргізетін әдетім жоқ. •I've got into the habit of turning on the TV as soon as I get home. – Үйге жете сала телевизор қосатын дағдым бар. •I'm trying to break the habit of staying up too late. – Тым кеш жататын әдетімді қоюға тырысудамын. •These things have a habit of coming back to haunt you. – Бұндай нәрселердің қайта оралып, сананы қытықтайтын әдеті бар. •I only do it out of habit. – Бүйтетінім – әдетім/дағдым/Өстіп үйреніп (қ)алғанмын. •I'm a creature of habit. – Сол баяғы әдетіммен/дағдыммен жүремін/Сол баяғы үйреншікті ісімді істеймін. 3. (informal) жаман әдет (есірткіқұмарлық, арақкештік, т.с.с.) •He began to finance his habit through burglary. – Ол жаман әдетіне ақша табу үшін ұрлық-қарлықты бастады. •She's tried to give up smoking but just can't kick the habit. – Темекіні тастамақ болған; жаман әдетін қоя алмай жүр. •a 50-a-day habit – күніне елу темекі тартатын әдет 3.монах (раһиб) не монахиня (раһибә) киетін ұзын етек киім

9
habitable [ˈhæbɪtəbl] adj

өмір сүруге, тіршілік етуге болатын (opp: uninhabitable) •The house should be habitable by the new year. – Үй жаңа жылға қарай әзір болуы керек.

10
habitat [ˈhæbɪtæt] n

тіршілік аймағы/ортасы, табиғи орта •The panda's natural habitat is the bamboo forest. – Панданың табиғи ортасы – бамбук орманы. •The marshes provide a rich habitat for water plants. – Батпақтар - су өсімдіктері жақсы өсетін табиғи орта. •the destruction of wildlife habitat – жабайы табиғатты құрту/жою