Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Dictionary
Select a letter
A B C D E F G H I
41
galactic [ɡəˈlæktɪk] adj

галактика(ның, -лық, т.с.с.) •A galactic year is the time the galaxy takes to rotate once completely. – Галактикалық жыл (дегеніміз) - галактиканың (өз осін) толық бір айналуына кететін уақыт.

42
galaxy [ˈɡæləksi] n

(pl galaxies) 1.галактика (миллиардтаған жұлдыздар шоғыры) 2. the Galaxy (also the Milky Way) Құс жолы (құрамында біздің Күн бар спираль галактика), (біздің) Галактика •(ауысп. мағ.) a galaxy of Hollywood stars – Голливуд жұлдыздары шоғыры

43
gale [ɡeɪl] n

1.дауыл •The gale blew down hundreds of trees. – Дауыл жүздеген ағашты жығып кетіпті. •gale-force winds – боран •(BrE) It's blowing a gale outside. – Сыртта дауыл соғып тұр. 2. (idm) *gale(s) of laughter күркірей күлу, ду күлу •His speech was greeted with gales of laughter. – Сөзіне жұрт ду ете күлді.

44
gall [ɡɔːl]

A.n 1.ожарлық, дөрекілік, оспадарлық, әпербақандық, дөкірлік, тұрпайылық, анайылық (syn: impudence) •Then they had the gall to complain! – Бұдан соң барып олар қалайша ғана шағымданды екен! •I almost admired the utter gall of the man. – Ол кісінің анайылығы маған жақты десе де болады. 2. (formal) ашу, ыза (syn: resentment) •words full of venom and gall – у/зә(һә)р мен ызаға толы сөздер 3.(ағаш не өсімдікте аурудан не шыбын-шіркейден болған) түйін, томпақ, бұлтық, буылтық 4. (old-fashioned) = bile B.v ~ sb/it galls sb to do sth/it galls sb that… кейіту, ызаландыру •It galls me to have to apologize to her. – Одан кеiірім өтіну мені қапаландырады.

45
gall bladder n

өт қабы

46
gallant

A.adj [ˈɡælənt] 1. (old-fashioned or literary) өжет, өр, жүректі (syn: heroic) •gallant soldiers – өжет жауынгерлер •She made a gallant attempt to hide her tears. – Көз жасын ірку үшін өзін мығым ұстады. 2. (еркек ж) сері, сыпайы, ибалы, инабатты, бипаз B.n [ɡəˈlænt; ˈɡælənt] (old-fashioned) (әйелдерге) сыпайы, ибалы (еркек), сері

47
gallantly adv

[қ-з: gallant] •She gallantly battled on alone. – Ол жалғыз өзі өжеттікпен айқасты. •He bowed and gallantly kissed my hand. – Ол иіліп қолымды жұмсақ сүйді.

48
gallantry [ˈɡæləntri] n

(formal) 1.ержүректік, батырлық •a medal for gallantry – ержүректігі үшін медаль 2.серілік, сыпайылық, ибалылық, бипаздық (еркектің әйелге) •‘I like to think that gallantry isn't dead,’ he said, kissing her hand. – Оның қолын сүйіп тұрып «Серілік әлі өлген жоқ, деп ойлағым келеді», деді.

49
galleon [ˈɡæliən] n

галеон (XV-XVII ғғ ірі испан желкенді кемесі)

50
galleried [ˈɡælərid] adj

галереялы, галереясы бар [қ-з: gallery n (3)] (of a building) having a