Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Dictionary
Select a letter
A B C D E F G H I
31
gaiety [ˈɡeɪəti] n

(old-fashioned) шаттық, көңілділік, жайдарылық •The colourful flags added to the gaiety of the occasion. – Түрлі-түсті тулар/жалаулар іс-шараны жадыратып жіберді.

32
gaily [ˈɡeɪli] adv

1.жайдары, тартымды, шаттанған •a gaily decorated room – жайдары безендірілген бөлме •gaily laughing children – асыр салып жүрген/шаттанған балалар •She waved gaily to the little crowd. – Шағын топқа ол шаттана қол бұлғады. 2.бейқам, бейғам •She gaily announced that she was leaving the next day. – Ол ай-шайы жоқ келесі күні кететінін айтты.

33
gain [ɡeɪn]

A.v 1.қол жеткізу, (дегеніне) жету, алу •~ sth to gain entrance/entry/access to sth – бірнәрсеге кіруге рұхсат алу/қол жеткізе алу •The country gained its independence ten years ago. – Ел он жыл бұрын өз тәуелсіздігін алды. •The party gained over 50% of the vote. – Партия дауыстың 50%-тен көбін алды. •I gained an insight into the work of a journalist. – Журналист кәсібінің не екенін көріп-білдім. •He has gained a reputation for unpredictable behaviour. –Аумалы-төкпелі мінезіне бола аты шықты. •~ sb sth Her unusual talent gained her worldwide recognition. – Ерекше дарынының арқасында дүние жүзіне танымал болды. 2.пайда көру, қол жеткізу •~ sth (by/from sth) There is nothing to be gained from delaying the decision. – Бұл шешімді кешіктіргеннен келер пайда жоқ. •~ (by/from sth) Who stands to gain from this decision? – Бұл шешім кім үшін пайдалы? 3. ~ sth алу, жию, қордалау (opp: lose) •to gain confidence/strength/experience – өз-өзіне мығым (сенімді) бола түсу/күш /тәжірибе жинау •I've gained weight recently. – Жақында біраз салмақ қостым. 4. ~ (sth) (сағат ж) жылдам жүру (opp: lose) •My watch gains two minutes every 24 hours. – Сағатым тәулігіне екі минутқа озып отырады. 5.құны өсу •~ sth The shares gained 14p to 262p. – Акциялар 14 пенске өсіп, 262 пенс болды. •~ against sth The euro gained against the dollar again today. – Евро долларға шаққанда бүгін тағы өсті. 6. ~ sth (formal) жету •At last she gained the shelter of the forest. – Ақыры ол орманның ығына жетті. 7. (idm) *gain ground нығая түсу, табыстырақ бола түсу •Sterling continues to gain ground against the dollar. – Стерлиң долларға шаққанда нығая түсуде. *gain time уақыт алу, күте тұру 8.(phr v) *gain in sth ұлғая, көбейе түсу •to gain in confidence – өзіне сенімді/мығым бола түсу •His books have gained in popularity in recent years. – Соңғы жылдары оның кітабы жұртқа көбірек жаға бастады. *gain on sb/sth жақындай түсу •She looked back and saw that the car was still gaining on her. – Артына қарағанда машинаның өзіне әлі де жақындай түскенін көрді. B.n 1.өсім, ұлғаю •a £3 000 gain from our investment – инвестицияларымыздан £3 000 пайда •Regular exercise helps prevent weight gain. – Ұдайы жаттығу салмақтың өсуін болғызбайды/болдырмайды. •The party had a net gain of nine seats on the local council. – Партия жергілікті кеңесте тағы да тоғыз орын жеңіп алды. 2.пайда, өсім (opp: loss) •efficiency gains – тиімділіктің өсуі •These policies have resulted in great gains in public health. – Бұл саясат қоғам денсаулығының жақсаруына ықпал етті. •Our loss is their gain. – Ұтылысымыз – (олардың) ұтысы. 3. (often disapproving) пайда •He only seems to be interested in personal gain. – Ол тек өз пайдасын ғана көксейтін сияқты. •They sold the company purely for short-term gain. – Олар қысқа мерзімдік пайда үшін ғана компанияны сатты.

34
gainful [ˈɡeɪnfl] adj

(formal) пайдалы, тиімді •gainful employment – тиімді жұмыс gainfully [-fəli] adv [қ-з: gainful] •gainfully employed – жұмысы жақсы

35
gainsay [ˌɡeɪnˈseɪ] v

(gainsays, gainsaid, gainsaid) ~ sth (formal) терістеу, жоққа шығару; келіспеу (syn: deny) •Nobody can gainsay his claims. – Оның айтқандарын ешкім де жоққа шығара алмайды.

36
gait [ɡeɪt] n

жүріс, жүру, аяқ алыс, жүріс-тұрыс •He walked with a rolling gait. – Ол теңселе жүрді.

37
gaiter [ˈɡeɪtə(r)] n

(аяқты тізеден тобыққа дейін жауып тұратын мата я былғары) гейтер, гетра •a pair of gaiters – бір жұп гейтер/гетра

38
gal [ɡæl] n

(old-fashioned, informal, especially NAmE) қыз, бикеш

39
gal. abbr

(in writing) gallon(s)

40
gala [ˈɡɑːlə;] n

(NAmE [ˈɡeɪlə]) 1.гала, салтанат, мереке •a charity gala – мейірім(ділікке қаржы жинау) галасы/салтанаты •a gala dinner/night – мерекелі/салтанатты қонақасы/кеш •a gala performance – гала-концерт, мерекелік концерт 2. (BrE) (көбінесе жүзуден спорттық) сайыс •a swimming gala – жүзуден сайыс/жүзу галасы