Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Dictionary
Select a letter
A B C D E F G H I
21
Gaeltacht, the [ˈɡeɪltəxt] n

гәл тілі [қ-з Gaelic] сөйленетін Ирландия мен Шотландияның өңірлері

22
gaff [ɡæf] n

1.( балық ұстайтын басы ілмек) шанышқы 2. (BrE, slang) үй, баспана

23
gaffe [ɡæf] n

мүдіріс, жаңылыс, абайламаушылық, жаңсақтық, қателік (syn: faux pas) •a social gaffe – жұрт алдындағы мүдіріс •He made some real gaffes early in his career. – Жұмысын алғаш бастаған кезде бірнеше рет оңбай мүдірген кездері болған.

24
gaffer [ˈɡæfə(r)] n

1. (BrE, informal) жетекші, басқарушы (syn: boss) •The gaffer told us we're a good team. – Жетекші жақсы команда екенімізді айтты. 2.кино/телестудиядағы аға электрик, бас жарықтандырушы

25
gaffer tape n

(BrE) изолент(а) (оқшаулағыш таспа)

26
gag [ɡæɡ]

A.n 1.(біреуді сөйлетпеу үшін аузына тығатын) тығын шүберек 2.(жариялауға, талқылауға салынған) тыйым, ауыздық •a press gag – баспасөзге тыйым салу •a gag rule/order – сот салған тыйым 3. (informal) күлкілі әңгіме; қалжың (syn: joke) •to tell/crack a gag – күлкілі нәрсе айту •a running gag – (концерт кезінде қайталанып отыратын) күлкілі нәрсе 4. (especially NAmE) әжуа(лау) •It was just a gag - we didn't mean to upset anyone. – Әжуа/Ойын ғой – ешкімді ренжітейік деген жоқпыз. B.v (-gg-) 1. ~ sb біреуді сөйлетпеу үшін аузына шүберек тығу •The hostages were bound and gagged. – Тұтқындарды байлап, ауыздарына шүберек тығыпты. 2. ~ sb/sth (пікір білдіруге) тыйым салу •The new laws are seen as an attempt to gag the press. – Жаңа заң баспасөзді ауыздықтамақ әрекет ретінде көрінеді. •a gagging order – сот тыйымы 3. ~ (on sth) лоқсу, лоблу (syn: retch) •She gagged on the blood that filled her mouth. – Аузына толған қанды лоқсып құсты. •The stench of rotting meat made him gag. – Шіріген еттің сасығы оны лоқсытты. 4. (idm) *be gagging for sth/to do sth (BrE, slang) бірн-ні өте қалау •I'm gagging for another drink. – Тағы бір сусын ішкім келіп тұрғанышы. •Today's top stars are no longer gagging to play for their country. – Қазіргі кездегі мықты жұлдыздар өз елдері үшін ойнасақ деп өліп-өшпейді. *be gagging for it (BrE, slang) нәпсісі қозу, ынтығу •You could tell she was gagging for it. – Оның (қыздың) қышынып тұрғаны білініп тұрды.

27
gaga [ˈɡɑːɡɑː] adj

(informal) 1. (offensive) әңкі-тәңкі, мәңгірген; алжыған •He has gone completely gaga. – Ол мүлде мәңгіріп/алжып қа(лы)пты. 2.есі шыққан, мәре-сәре болған, масайраған •The fans went totally gaga over the band. – Ансамбль өнерінен тамашашылардың есі кетті/шықты.

28
gage

(US) = gauge

29
gaggle [ˈɡæɡl] n

қаз үйірі •(ауысп. мағ.) a gaggle of tourists/schoolchildren – шуылдаған туристер/мектеп оқушылары

30
Gaia [ˈɡaɪə] n

(грек мифологиясындағы) Жер