Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Dictionary
Select a letter
A B C D E F G H I
41
bachelor II ['bæʧәlә(r)] n

бакалавр (университеттегі бастапқы ғылыми дәреже)

42
bachelorship I ['bæʧәlәʃip]

= bachelorhood

43
bachelorship II ['bæʧәlәʃip] n

бакалавр дәрежесі

44
Bachus ['bækәs] n

(грек миф-ғы) Бахус, Вакх; шарап құдайы (кейде Дионис)

45
bacilli [bә'silai] pl

of bacillus

46
bacillus [bә'silәs] n

(pl –li) бацилла (шыбық тәрізді бактерия)

47
back 1 [bæk] n

(сұйықтарға арналған) бак, ыдыс, цистерна, қазандық

48
back 2 [bæk]

A.n 1.арт(қы) жақ, арқа, теріс жақ •~ of your head – басыңның артқы жағы •Write your address on the ~ - Арт жағына мекен-жайыңды жаз. •the ~ of one’s hand – қолдың (басының) үсті •to sit at the ~ - арт жақта отыру •~ of the knife – пышақтың теріс жағы 2.(а) адам арқасы •He laid on his ~ and looked up at the sky. – Ол шалқасынан жатып аспанға қарады. (b) жануар арқасы •Fasten the saddle on the horse’s ~. – Аттың үстіндегі ер-тоқымды мықта. 3.(киімнің) арқа, артқы жағы 4.(креслоның, орындықтың) арқалығы 5.(футболда, т.б.) қақпаға жақын тұрған қорғаушы 6.(idm) *at the ~ of one’s/smb’s mind ойының, санасының түкпірінде •At the ~ of his mind was the vague idea that he had met her before. – Ойының түкпірінде, япырым-ау, бұл әйелді бұрын бір көрмеп пе едім деген бұлыңғыр ой жатты. *the ~ of beyond оқшау жер, айдала, алыс тұс •They live somewhere at the ~ of beyond. – Олар бір айдалада тұрады. *~ to ~ арқаға арқа тірей, иін тіресе •Stand ~ to ~ and let’s see who’s taller. – Арқа түйістіріңдер – көрелік кімнің ұзын екендігін. *~ to front арты алдына қараған •Your pullover is on ~ to front. – Сенің пуловеріңнің арты алдына қарап тұр. *(ауысп. мағ.) to be glad, etc to see the ~ of smb/smth біреудің/бірн-ң табанын жалтыратқанына (кеткеніне) қуану *behind smb’s ~ біреудің артынан •They say nasty things about him behind his ~. – Олар оның сыртынан жаман сөздер айтып жүр. *to be on smb’s ~ біреуді мезі қылу, мазасын алу, қудалау *to break smb’s ~ (to do smth) (бірн-ге жету үшін) ауыр бейнеттену *to break the ~ of smth жұмыстың ең ауыр бөлігін бітіру *to get/put smb’s ~ up біреудің жонын күжірейту, яғни оны ашуландыру *to get off smb’s ~ біреуді қудалауын доғару *to have eyes in the ~ of one’s head желкесінде көзі болу (яғни, байқағыш деген мағ.) *to have one’s ~ to the wall тұйыққа тірелу, шегінетін жері қалмау *to know smth like the ~ of one’s hand бірн-ні бес саусағындай білу *to make a rod for one’s own ~ өзіне өзі кедергі жасау *a pat on the ~ арқадан қағу, құптау, мақтау *to pat smb/oneself on the ~ біреуді/өзін арқадан қағу, құптау, мақтау *to put one’s ~ into smth бірн-ге басымен кірісу *a stab in the ~ арқадан пышақ ұру, яғни сатқындық, опасыздық *to stab smb in the ~ арқадан пышақ ұру, яғни сатқындық, опасыздық жасау *to turn one’s ~ on smb/smth біреуге/бірн-ге арқасын беру, яғни көмектеспеу, қарамау *(like) water off a duck’s ~ ешбір әсері жоқ *you scratch my ~ and I’ll scratch yours сен маған, мен саған B.adj 1.артқы, арт жақтан •a ~ garden – үй артындағы бақша •the ~ door – артқы есік •~ streets – шағын көшелер (қалтарыстағы көшелер) 2.(a)ескі •~ issues of a magazine – журналдың ескі нөмірлері (b) кешуілдеген, кеш төленген •~ pay - кешуілдеген төлем 3. (idm) *to put smth on the ~ burner (ауызекі) бірн-ні кейінге қалдыру *by/through the ~ door артқы есіктен, яғни, заңсыз түрде C.adv part 1.кейін, бұрынғы орнына қайта, қайтып •Freddy was supposed to be ~ at the hotel by six. – Фредди(дің) қонақ үйге сағат алтыда қайтып келуі керек болған. •Put that book ~ where you found it! – О кітапты тапқан жеріңе қайтып қой(ғын)! •”We’d better go ~”, she said regretfully. – «Қайтқанымыз дұрыс болар», деді ол кейи. 2.кері, қайта, бұрынғы(дай) •This brings me ~ to my point about the state of the economy. – Бұл жерде мен экономика ахуалы хақындағы пікіріме кері ораламын. 3.бұрынғы өмір сүрген, тұрған жер •Back in Manitoba we used to skate on the lakes in winter. – Манитобада тұрған кезімізде біз қыста көлдерде сырғанақ тебетінбіз. 4.артқа, кейін қарай •George glanced ~ to see if he was still being followed. – Джордж әлі де біреу өкшелеп келе ме деп артына қарады. 5.кері •Can you ask Mr. Clark to call me ~? – Мистер Клеркке маған кері телефон шалсын деп айта аласыз ба (екен)? •I will pay you ~ on Friday. – Мен саған жұма күні кері төлеймін. 6.тағы да, тағы бір рет •Play the tape ~ for me, will you? – Таспаны мен үшін тағы да ойнатшы, жақсы ма? 7.(idm) *~ and forth ары-бері, ерсілі-қарсылы, алға-артқа *(in) ~ of smth (ауызекі) арт жағында •the houses ~ of the church – шіркеудің арт жағындағы үйлер D.v 1.артқа, кері, кейін жүру, шегіну •to ~ a car out of the garage – көлікті гараждан шегіндіріп шығару 2.~ (on/onto) smth арқасын бере орналасу •Our house ~s on(to) the river. – Үйіміз өзенге арқасын бере орналасқан. 3.(а)демеу, сүйеу, қолдау •She is the candidate who’s ~ed by the Labour Party. – Ол – Лейбористер партиясы қолдаған кандидат. (b)ақшалай демеу, жәрдемдесу •Who is ~ing the film? – Фильмге кім қаржылай демеу көрсетіп отыр? 4.(ақшалай) бәс тігу •I ~ed four horses but won nothing. – Мен төрт атқа бәс тіккемін, алайда ештеңе ұтпадым. •Did anyone ~ the winner? – Жеңімпазға бәс тіккендер болды ма? •The favourite was heavily ~ed. – Жеңеді деушіге бәс мол тігілді. 5.~ smth (with smth) артқы, теріс жағынан жабу, астар болу •The photograph was ~ed with cardboard. – Фотографияның арт жағы картонмен жапсырылған. 6.(уәде, айғақ ретінде) арт жағына қол қою •to ~ a bill, note – чектің, записканың арт жағына қол қою 7.(желдің) сағат тіліне қарсы бағытта баяу өзгеруі (м. Ш-тан СШ-қа, одан С-кке) 8.(idm) *to ~ the wrong horse (сайыста) жеңілетінге бәс тігу (сөзбе сөз – жеңілетін атқа бәс тігу) 9.(phr v) *to ~ (away from smb/smth) кейін шегініп, ыршып кету •The child ~ed away from the big dog. – Бала үлкен иттен кері ыршып кетті. *to ~ down; (US) to ~ off шегіну, айну, тиылу •He proved that he was right and his critics had to ~ down. – Ол өзінің дұрыс екенін дәлелдеген соң оның сыншылары тиылды. *to ~ out (of smth) бас тарту *to ~ up (US) көлікті кейін, артқа шегіндіру, жүргізу *to ~ smb up біреуді қолдау, құптау, демеу *to ~ smth up (компьютер) файлдің, программаның копиясын жасау

49
backache ['bækeik] n

белдің шаншып ауруы

50
back-bench ['bæk 'benʧ] n

(Brit) Парламенттегі жай (жетекші емес) депутаттар отыратын орын