Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Посвящается ко Дню Астаны
Астана күніне арналады
Dedicated to Astana Day
Dictionary
Select a letter
A B C D E F G H I
51
abidance [ә’bɑidәns] n

(бірнәрсеге) беріктік, бағынушылық •~ by rules – ережелерге бағынушылық, адалдық

52
abide [ә'bɑid] v

(pp abided, осындағы 3-ші мағынада pt, pp abode) 1.(теріс мағынада) шыдау, төзу, сабыр сақтау •I can’t ~ that man. – Мен ол адамға шыдай алмаймын. •How could you ~ such conditions? – Мынадай жағдайға қалай төзесің(із)? 2.~ by smth адал болу, орындау, бағыну •to ~ by a promise – уәдеге берік болу •to ~ by an agreement, ruling – келісімге, заңға берік (адал) болу, сақтау 3.(архаизм) қалу, жалғастыру •to ~ at a place – бір жерде қала беру •to ~ with smb - біреумен тұруын жалғастыра беру

53
abiding [ә'bɑidiŋ] adj

тұрақты, ұзақ, берік •~ friendship, hatred, mistrust – берік достық, ұзаққа созылған жеккөрініш, сенімсіздік

54
ability [ә'biliti] n

1.қабілет, алғырлық, ептілік •a person of great ~ - қабілеті зор кісі 2. талант, дарын •to have great musical ~ - музыкаға деген керемет дарыны болу 3.(idm) *to the best of one’s ~ бар қабілетін сарқа, қолдана

55
ability, ibility [ә’biliti; i’biliti] suff

-лылық, -лілік, -дылық, -ділік, -тылық, -тілік •profitability (пайдалылық), reversibility (қайтқыштық)

56
abject ['æbʤekt] adj

1.аянышты; жеккөрінішті, сұрықсыз, бейшара •living in ~ poverty/misery – жан түршігерлік кедейлікте/қорлықта өмір сүру 2.бейшара, ұсқынсыз, сүреңсіз •an ~ apology – бейшаралана кешірім сұрау 3.опасыз, ұждансыз •an ~ coward – опасыз қорқақ

57
abjection [æb'ʤek∫әn] n

1.опасыздық, ұждансыздық 2.мойын ұсынушылық, бас ұру, қорлану

58
abjectly [æb'ʤektli] adv

1.бейшаралана, қорлана, бас ұра 2.опасыздықпен

59
abjuration [,әbʤu'reiʃn] n

1.бас тарту, айну 2.безу, тану, қайту

60
abjure [әb'ʤuә(r)] v

1.бас тарту, айну 2.безу, тану, қайту